Folk & Symphony

Folk & Symphony
Күні19 қараша 2026
Уақыты18:30
ҚалаПетропавловск
Өтетін орынАқан сері атындағы облыстық филармония
Жас шектеуі4+

Іс-шара аяқталды

Билет сату аяқталды. Осы қаладағы ұқсас іс-шараларды қараңыз.

Іс-шара туралы

Folk & Symphony – әлемдік музыкалық мәдениетке елеулі үлес қосқан,

«TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің жаңашыл жобаларының бірі.

Жобаның тарихы композитор А. Райымқұлованың «TURAN» ансамблі мен симфониялық оркестрге арнайы жазған «Дала сыры»

поэмасынан бастау алады. Поэма алғаш рет 2008 жылы Берлиндегі

Konzerthaus концерт залында өткен Young Euro Classic халықаралық

фестивалінде кең көрермен қауымға ұсынылды.

Folk & Symphony – қазақтың ұлттық музыкасы мен дәстүрлі музыкалық

аспаптарының әлемдік классикалық өнермен тоғысуы. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын ансамбльдік симфониялық оркестрмен үндесе отырып, жаңа сипат пен ерекше үнге ие болады.

Кейін жоба А. Райымқұлованың «Ежелгі Тұран» симфониялық поэмаларында өз жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «TURAN» ансамблінің репертуарындағы «Ер Тұран», «Қилы

заман», «Ұлы Тұран мәңгілік», «Қара жорға», «Көроғлы» және басқа да

шығармалар симфониялық оркестрге лайықталып өңделді. Бұл туындылар

алғаш рет 2022 жылы Folk & Symphony атты CD-альбомның тұсаукесер

концертінде ресми түрде көпшілік назарына ұсынылды.

Жоба Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Израильдің танымал

камералық әрі симфониялық оркестрлерімен бірлесіп жүзеге асырылды.

Соның арқасында әлемдік аудитория қазақ халқының ұлттық музыкасын және оның бай музыкалық аспаптарын жаңа қырынан таныды.

2025 жылы ансамбльдің көрермендер сүйіспеншілігіне бөленген «Ер Тұран», «Қилы заман», «Ұлы Тұран мәңгілік», «Қара жорға», «Көроғлы»,

«Сырласу», «Ақсақ құлан» және «Қырық жігіт» шығармалары жаңа,

ауқымды симфониялық форматта орындалды.

Шығармалардың оркестрлік өңдеулерін дарынды композитор, дирижер және халық музыкасын зерттеуші Әбілқайыр Сағымбаев жүзеге асырды.

Өтетін орны

Ақан сері атындағы облыстық филармония — 1965 жылы құрылған Петропавлдағы концерттік ұйым. Оның қызметі академиялық, халықтық және эстрадалық музыкамен байланысты. Мұнда шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, жеке концерттер және әртүрлі тыңдарманға арналған музыкалық бағдарламалар өтеді.

МекенжайҚаттай Кеншінбаев көшесі, 22
Картадан ашу
Ақан сері атындағы облыстық филармония

Маңызды ақпарат

Электрондық билет төлемнен кейін бірден жеке кабинетке түседі

Билеттерді қайтару және айырбастау іс-шара ұйымдастырушысының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады

Іс-шара басталғанға дейін 30–40 минут бұрын келуді ұсынамыз

Іс-шараның басталу және есіктердің ашылу уақыты әртүрлі болуы мүмкін, жаңартуларды қадағалаңыз

Ұқсас іс-шаралар

Іс-шара аяқталды