Театр/Қызыл алма

Қызыл алма

Қызыл алма
Күні11 қазан 2026
Уақыты17:00
ҚалаКокшетау
Өтетін орынШахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры

Күндер мен сеанстар

Іс-шара туралы

Шыңғыс Айтматовтың терең философиялық ойға толы «Қызыл алма» шығармасы адам жанының нәзік иірімдерін, отбасы құндылығын және махаббаттың мәнін арқау еткен әсерлі туынды. Аталған шығарма желісімен сахналанған мелодрамада отбасы өміріндегі салқындық, түсініспеушілік пен сағыныш секілді сезімдер көрермен жүрегіне жол табады.

Бір кездері махаббатпен құрылған шаңырақ уақыт өте келе тұрмыс күйбеңі мен ішкі күйзелістердің салдарынан алыстай бастайды. Алайда тағдыр тосын сәттер арқылы адамға өз өміріне, сезіміне қайта үңілуге мүмкіндік береді.

Қойылымдағы «қызыл алма» – сағыныштың, жоғалған жылылықтың және қайта табылар үміттің символы. Бұл мелодрама көрерменді адам жанының құпия қатпарларына жетелеп, жақын жандардың қадірін бағалауға, жүрекке үңіліп, шынайы сезімнің құнын түсінуге шақырады.

Маңызды ақпарат

Электрондық билет төлемнен кейін бірден жеке кабинетке түседі

Билеттерді қайтару және айырбастау іс-шара ұйымдастырушысының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады

Іс-шара басталғанға дейін 30–40 минут бұрын келуді ұсынамыз

Іс-шараның басталу және есіктердің ашылу уақыты әртүрлі болуы мүмкін, жаңартуларды қадағалаңыз

Ұқсас іс-шаралар

1 000 ₸ бастап