«SAZ & SOUL» тобы & «SAMGA» ансамблі

«SAZ & SOUL» тобы & «SAMGA» ансамблі
QAZAQCONCERT, АстанаКүндер мен сеанстар
Іс-шара туралы
26 тамызда «Coupe Mondiale 79» халықаралық байқауы аясында «Saz&Soul» вокалдық-аспаптық ансамблі мен «Samga» аспаптық ансамблінің шығармашылық кеші өтеді.
Концерт бағдарламасында қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасы мен әлемдік классиканың таңдаулы туындылары тоғысады. Кеште «Күні Қорлан», «Сәулем-сәулем», «Кермау-айдай» халық әндері, Тәттімбеттің «Саржайлау», Қазанғаптың «Жем су тасқыны», «Ақжелең» күйлері, сондай-ақ Сүгір Бегендікұлының «Сүгірдің термесі», «Дударай» және «Жаным» шығармалары орындалады.
Бағдарламаның екінші бөлігінде танго әлемінің жарқын туындылары ұсынылады. Астор Пьяццолланың «Libertango», «Акула», «Oblivion», Ришар Гальяноның «Tango pour Claude», Вильольдоның «El Choclo», Херардо Родригестің «La Cumparsita», сондай-ақ «El Tango de Roxanne» шығармалары кешке ерекше ырғақ пен темперамент сыйлайды.
Сахнада «Saz&Soul» және «Samga» ансамбльдерімен бірге халықаралық байқаулардың лауреаттары Нұрай Шеру, Елжан Жетпіс, Әлібек Альмадиев және «Гүлдер» би ансамблі өнер көрсетеді.
Қазақтың қоңыр үні, аспаптық музыканың заманауи өрнегі мен тангоның жалынды ырғағы тоғысатын ерекше музыкалық кешке шақырамыз!
Өтетін орны
Маңызды ақпарат
Электронный билет поступит в личный кабинет сразу после оплаты
Возврат и обмен билетов осуществляется по правилам организатора мероприятия
Рекомендуется прибыть на площадку за 30-40 минут до начала
Время начала и открытия дверей может отличаться, следите за обновлениями
Ұқсас іс-шаралар

«SAZ & SOUL» тобы & «SAMGA» ансамблі

«ДОСТАР СЕРТІ»

Alem AI Сингулярлық мұражайы
