«ДОСТАР СЕРТІ»

«ДОСТАР СЕРТІ»
QAZAQCONCERT, АстанаКүні12 қыркүйек 2026
Уақыты18:00
ҚалаАстана
Өтетін орынQAZAQCONCERT
Күндер мен сеанстар
Іс-шара туралы
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Достар серті» мюзикліне шақырады. Жылдар бойы көптің көңілінен шыққан мюзикл жаңа концерттік маусымда сахнаға қайта оралады.
«Достар серті» мюзиклі – төрт жігіттің тағдырын суреттейтін ерекше туынды. Болмыстары бөлек, әр түрлі ортадан жиналған жас жігіттер.
Мюзикл нағыз достықты бейнелейді. Олар алғашқы сезімдерін, өмірдің жаңа сынақтарын бірге өткереді. Бірі – романтикаға берілген, екіншісі – өз мақсатына ұмтылған, үшіншісі – достарының көңілін көтеруді ұнататын, ал төртіншісі – салмақты әрі ойлы.
Олардың әрқайсысының өмірі, мақсаттары мен армандары – тек достықтың арқасында жүзеге асады. Жігіттер бірге қуанып, бірге мұңайып, қиындықтарға қарсы тұрады. Достықтың шынайы қуаты – әрбір сынақта, қуаныш пен күйініште.
Қойылымның әр сәті – жастардың өмір жолында кездесетін мүмкіндіктер мен тосын сыйларға толы. Олар тек дос емес, бір-бірінің армандарын жүзеге асыруға көмектесетін, шынайы бауырға айналады. Достық – бұл жастық шақтың ең жарқын, ең мәнді кезеңі, ал «Достар серті» мюзиклі жастық шағыңыздың әдемі сәттерін, қиындығын және естеліктерін көрсетіп, ұмытылмас әсерге бөлейді.
Шиеленіскен оқиғалар желісі, актерлік шеберлік қазақ және әлемдік әндермен, әртүрлі билермен тамаша үйлесіп, көрермендерге терең эмоция мен әсерлі сәттер сыйлайды. Бұл қойылым шынайы сезімдер мен жүрек қозғар сәттерді бейнелей отырып, көпшіліктің жүрегінен орын алатыны сөзсіз.
Қапы қалмаңыздар!
Өтетін орны
Маңызды ақпарат
Электрондық билет төлемнен кейін бірден жеке кабинетке түседі
Билеттерді қайтару және айырбастау іс-шара ұйымдастырушысының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады
Іс-шара басталғанға дейін 30–40 минут бұрын келуді ұсынамыз
Іс-шараның басталу және есіктердің ашылу уақыты әртүрлі болуы мүмкін, жаңартуларды қадағалаңыз
Ұқсас іс-шаралар

2 500 ₸ бастап
«БІРЛІК ӘУЕНІ»
30 қаз, 19:00
Астана, QAZAQCONCERT

4 000 ₸ бастап
«ДОСТАР СЕРТІ»
12 қыр, 18:00
Астана, QAZAQCONCERT

3 000 ₸ бастап
«Жадымыздағы әуендер»
24 қыр, 19:00
Кокшетау, Акмолинский областной русский драматический театр

3 000 ₸ бастап
62-ші концерттік маусымның ашылуы
2 қаз, 18:30
Петропавловск, Областная филармония им. Акан Серы
4 000 ₸ бастап