МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
QAZAQCONCERT, АстанаКүндер мен сеанстар
Іс-шара туралы
МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Мюзикл әлеміне саяхат» атты театрландырылған бағдарлама ұсынады.
Көрермендерді театр әртістерінің қатысуымен өтетін жарқын өнер көрсетілімдері, әсерлі хореография мен күтпеген музыкалық тосынсыйлар күтеді. Бағдарламада танымал театр қойылымдары, анимациялық фильмдер мен әлемге әйгілі мюзиклдерден таңдап алынған ең жарқын музыкалық және би нөмірлері ұсынылады. Атап айтқанда, «Щелкунчик», «Сұлу мен құбыжық», «Мұзды өлке», «Аладдин», сондай-ақ «Moana», «Mamma Mia!», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Memphis», «Season of Love», «Waitress», «Hamilton» және басқа да туындылардың үздік эпизодтары көрермен назарына ұсынылады.
Жақында аншлагпен өткен қойылым көрермендердің сұрауы бойынша қайта сахнаға оралады. Барша әлемді бағындырған музыка мен керемет эмоцияларға толы мюзикл кешінен қапы қалмаңыз!
Назар аударыңыз!
Ұйымдастырушы жас шектеуіне сәйкес келмейтін тұлғаларды билет құнынқайтармастан кіргізбеуге құқылы
Кешігіп келген көрермендер 30 минут ішінде залдың жоғарғысекторларындағы бос орындарға жіберіледі. 30 минуттан кейін зал есіктеріжабылады
Концерт залының маңында автотұрақ орындары шектеулі екенінескереотырып, көрерменнен келу уақытын алдын алажоспарлауын сұраймыз.
Орындаушы: «Астана мюзикл» мемлекеттік театры
Ұзақтық: 90 мин
Жас шектеуі: 5+
Өтетін орны
Роза Бағланова атындағы QAZAQCONCERT Астанадағы «QAZAQSTAN» орталық концерт залында орналасқан. Мұнда оркестрлер, камералық ансамбльдер, халық және заманауи музыка орындаушылары өнер көрсетеді. Үлкен және камералық залдарда концерттер, музыкалық қойылымдар мен шығармашылық кештер өтеді.

Маңызды ақпарат
Электрондық билет төлемнен кейін бірден жеке кабинетке түседі
Билеттерді қайтару және айырбастау іс-шара ұйымдастырушысының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады
Іс-шара басталғанға дейін 30–40 минут бұрын келуді ұсынамыз
Іс-шараның басталу және есіктердің ашылу уақыты әртүрлі болуы мүмкін, жаңартуларды қадағалаңыз



