Alem AI Сингулярлық мұражайы

Alem AI Сингулярлық мұражайы
EXPO іскерлік кешені, АстанаЖұмыс кестесі
Вт-Вс 10:00 - 19:00
Іс-шара туралы
Сіз қазірдің өзінде жасанды интеллект әлемінде өмір сүріп жатырсыз.
Сингулярлық мұражайы — alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының 1-қабатында орналасқан, жасанды интеллекттің шын мәнінде қалай жұмыс істейтінін өз көзіңізбен көре алатын әлемдегі бірегей кеңістік.
Мұнда сізді жасанды интеллект әлеміне толық ену тәжірибесі күтеді:
медиа-инсталляциялар, иммерсивті аймақтар, сандық аватарлар, роботтар және AI-кинотеатр — мұнда сіз жай көрермен емес, оқиғаның тікелей қатысушысына айналасыз.
Бұл жерде тек бақылап қана қоймай, тәжірибе жасап көруге де болады:
өз AI моделіңізді үйрету, алгоритмдердің жұмысын көру, болашақ мамандықтарының ойын сценарийлерінен өту, роботпен шахмат ойнау, тіпті балалар аймағында суреттерді «тірілту».
Бұл — күрделі технологияларды кез келген адамға түсінікті әрі қызықты жаңалыққа айналдыратын ерекше тәжірибе.
Музей барлығына арналған: мектеп оқушыларынан бастап IT мамандарына дейін.
Өйткені AI — дәл қазір таяу келешек.
Ол қазірдің өзінде сіздің күнделікті өміріңізге әсер етіп отыр.
Келіңіз және оның қалай жұмыс істейтінін өзіңіз көріңіз.
Орналасқан жері
Астана қаласы, EXPO бизнес орталығы, Мәңгілік Ел 55/1
alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы
Келу ережелері
Сингулярлық музейіне кіру QR-код арқылы жүзеге асырылады.
Билетті онлайн сатып алуға болады.
— 14 жасқа дейінгі балаларға ересектермен бірге келу ұсынылады
— Экспозициялық аймақтарға тамақ пен сусын алып кіруге тыйым салынады
— Электронды билетті телефон экранынан көрсету жеткілікті
Жұмыс уақыты
Музей ашық:
Сейсенбі — Жексенбі: 10:00–19:00
Дүйсенбі — демалыс күні
Билет бағасы
— Кіру билеті: 2 500 ₸
— 7 жасқа дейінгі балаларға: тегін
Кіру 18:30-ға дейін жүзеге асырылады
Заңды тұлғаларға билет рәсімдеу:
📞 +7 701 888 0107
Сапарыңызды алдын ала жоспарлап, жасанды интеллекттің қалай жұмыс істейтінін көріп қайтыңыз.
Техникалық қолдау: +7172 917096
Назар аударыңыз!
Мемлекеттік ресми делегациялардың келуіне байланысты музей келушілер үшін уақытша жабылуы мүмкін.
Белгілі бір күнге сатып алынған билеттер жарамды боп қалады, сіз музейге өзіңізге ыңғайлы басқа күні келіп кіре аласыз.
Өтетін орны
Маңызды ақпарат
Электрондық билет төлемнен кейін бірден жеке кабинетке түседі
Билеттерді қайтару және айырбастау іс-шара ұйымдастырушысының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады
Іс-шара басталғанға дейін 30–40 минут бұрын келуді ұсынамыз
Іс-шараның басталу және есіктердің ашылу уақыты әртүрлі болуы мүмкін, жаңартуларды қадағалаңыз

